|    |  
23 мамыр 2019
08:00
қаз
Есті Рададан Эстрадаға дейін немесе Зеленский украиндықтардың таңдауы ма?
26 сәуір 2019, 12:31 15


Негізінен пост кеңестік елдердің ішіндегі басты жарасы әммә жақындағысы келмейтін басты тақырыбы – демократия. Осы орайда жергілікті елдер 100 пайызға шектелетін демократияға дайын емес сияқты болып көрінеді. Әуелгісі менталитет, кейінгісі тарихи факторлар.
Осы орайда, күні кеше тәмәм болған Украина еліндегі сайлау туралы тіл қатпай, қалам тартпай кету әбестік болар. Қанша дегенмен біз «аңсаған» демократияның көрінсі сол арадан табылды деп жарна жасап, жария туын көтергендер баршылық болды емес пе? Әлеуметтік желіден жүгін жинап сол жаққа қарай тартудың азақ алдында қалғандарды да көргенбіз.
Сонымен сайлау қорытындысы. Зеленский Порошенкоға титтей де мүмкіндік қалдырмады. 76 пайыздың үстіндегі украиндықтардың дауыс үлесі Зеленскийдің қоржынында қалды. Саясатта еш тәжірибесі жоқ, бір шеті сауты шорқақ, бір шеті еш жерде былғанбаған қарадан шыққан кәсіби актер кешегі Киев княздігінің бүгінгі тақ мұрагері болып шыға келді. Енді көкейде қалған жалғыз сұрақ бар. Шоу аяқталды ма?



Сайлауға дейін... «Слуга народа»
Еуропалануға етене жол салып жатқан кешегі Шевченконың отанында «еркіндік» басты қаруға айналғаны сөзсіз. Осы орайда елдегі мемлекеттік емес телеарналар жергілікті билікті қолындағы қамшымен жон арқасынан оңдырмай осып отырғанының куәгері болағанбыз.
Десе де Зеленсикийді президент қылу басқа да күштердің әуелден көксеп келе жатқан мақсаты болғанын қазір анық байқауға болады. Біріншіден 2015 жылы 1+1 арнасы «Слуга Народа» (Елдің құлы)  деген сериал түсірген болатын. Туындының басты мазмұны қарадан шыққан хан халықтың қамын ойлап, ел үшін қызмет атқарғанында болып отыр.
Білетін жандар елдегі идеологияның басты қару – теледидар деп бастайды әңгімесін. 2015-2017 жылдар алағындағы үш жылық уақыт кеңістігінде осы рөлді сомдаған Зеленский халықтың да, керек десеңіз өзінің де санасына осы образды әбден жатық етті, сіңірді.
Кинодағыныда өмір мен, кинодағындай махаббатты аңсаған романтиктер үшін бұл қаншалықты қуатты бастама болғанын ескеріп көріңізші. Жемқорлыққа белшесінен батқан биліктің орнына осындай жас, осындай харизмалы, осындай еркін адамның билікке келуін аңсағандардың легі мен саны жетіп артылып тұрды емес пе? Енді сіз Зеленскийдің таққа келуі кездейсоқтық деп айта аласыз ба?
Әлі күмәнді болып отырсаңыз мынаны қараңыз. «Слуга Народа» сериалының 3 маусымының финалы Ураинадағы сайлаға бір күн қалғанда шықты. Бұл күні елдегі заң бойынша барлық агитациялық жұмыстарға тоқтау жарияланған болатын. Ал, сериял агитация емес қой?



Сайлау барысы
Қазіргі таңда көп адамның сауалы бір. Зеленскийдің артында кім тұр? Мсәелен президент әкімшілігі толық дерлік Порошенконы қолдап отыр делік. Қаржының мәселесі де белгілі. Поршенко мемлекетсіз ақ кедей адам болған жоқ.
Ал, Зеленский ше? Қанша дегенмен қарапайым продюсердің қалтасы президенттік саулау агитациясының, оның алғашқы жарнасының қаржылық талаптарын орындауы екі талай екені сөзсіз. Оның үстіне мұншама қаржыны жеңу-женбеуі белгісіз адам бәс етіп бәйгеге тіге салады ма?
Иә, бұл туралы алып қашпа әңгіме көп. Көбі Игорь Коломойскийдің жасап шығарған образы дейді Зеленскийді. Енді бірі бұл еврейлердің әуелден ойлаған ойының нүктесі дейді. Қиалға ауыздық салмасаң бұл сайлаудың басы қасында массондықтардың жүргенінде айтып отырғаны бар.
Қанша дегенмен бұл мүмкін емес дүние. Зеленский жалғыз батыр емес. Оның үстінде оның командасы өзі айтқанда тәжирибесіз тұлғалар да емес. Бұл басынан аяқ жазылған сценаридің заңды нүктесі ғана.
Сыртқы фактордың әсеріне берілетін тағы бір факт. Жаңа жыл қарсаңында Зеленскиге дауыс берушілердің үлесі 8,8 пайыз ғана болған. Бұл Тимошенконың үлесінен екі есе аз. Ал оның негізгі қарсыласы Порошенконың үлесінде 13 пайыз дауыс болған. Енді айналдырған 4 ай ішінде мұншама сенім кредитін Зеленский қайдан жинады деп ойлайсыз? Агитация? Басқа Зеленскийдің қаруы болды ма? Біз украиндық емеспіз. Сондықтан бұған берілетін жауабымыз жоқ.

Сайлаудан кейін: немес P.S. орнына
Зеленсикийдің артында алпауыт күштердің тұрғанын уркаиндықтардың білмеді деуі әбестік. Білді. Бірақ, олардың басым бөлігі сайлаға келді. Басым бөлігі саналы әммә бейсаналы түрде Зеленскийге дауыс берді.
Бірақ бір дүниені ұғу керекпіз. Бұл демократиялық сайлау емес. Жаға жыртысып, алай дүлей ұрсыс ашуға асықпай кідіре тұрыңыз. Украина халқы Зеленсикйге дауыс берген жоқ. Украина халқы Порошенкоға қарсы дауыс берді. Бұл екеуінің арасы аймен көктеу.
Демократиялық сайлау – терезесі тең екі не оданда көп саясаткерлердің елді дамыту жобалары, проектілері арасында соны таныстыру мен сол жобаға, сол жолға сендіру процесінен тұрады.
Ал зеленсий әдемі киім, әдемі сөз бен халықтың мұңын айтып, жарасын тырнағаннан басқа келісті ештеңе айтқан жоқ. Ешқандай реформа, ешқандай жоспарсыз. Тек тобырмен бірге келген адамның тобырдың қолдауына ие болып таққа отыруы ғана бұл.
 
P.S.2
Зеленский сайлауда жеңіске жеткен соң пост кеңестік елдерге үндеу жолдап, Украинадан үлгі алуға шақырды. Біздің ше тым ерте айтылған ұран. Әліптің артын бағайық... Зе-нің артынан не шығатынын кім білсін мысалы?
 
Аян Мейраш, reactor.kz
(Интернет бетіндегі ақпараттар негізінде жазылған) 
 


Жаңалықтар