Кербез
7 қазан 11:23
Ет қосылған қияр салаты

Керекті ингредиенттер:

Қияр-1 кг
Сиыр еті-300 гр
Пияз-1 дана
Тәтті бұрыш-2 дана
Қант-½ шай қасық
Кориандр-1 шай қасық
Уксус-2 ас қасық
Соя соусы-3-4 ас қасық
Өсімдік майы-3-4 ас қасық
Тұз-1 шай қасық
 
Дайындау тәсілі:

Қиярды ұзындығынан 3-4 бөлікке бөліп,тұз сеуіп 30 минутқа қойы қоямыз.
Етті,пиязды ұзыншалап тұраймыз.
Қыздырылған майға етті қуырамыз.
Еттің суы тартылғанда пиязды және соя соусын қосамыз. 1-2
минут қуырамыз да оттан түсіреміз.
Енді қазандағы етті қиярдың үстіне қосамыз.
Тәтті бұрышты,кориандр,қант,сарымсақты және уксусты қосамыз.
5 минуттан соң бәрін араластырып, дастарханға қоямыз.
 
Астарыңыз дәмді болсын!

vkusnota.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика