16 Июль
03:02
Астана: 18 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 343.45
EUR/KZT: 399.57
RUB/KZT: 5.52
CNY/KZT: 51.28
Кербез
21 қазан 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ет өнімдері: гриль және ыстау

Гриль – бұл еттіқосымша майсыз қуыру тәсілі. Ашық ауада (көмірде), духовкада (шанышқылары мен үстіңгі қыздыру элементтері бар болса) және гриль не ростер деп аталатын арнайы электр аспаптарда дайындауға болады.

Жоғарыда аталған қандай-да болмасмын үлгілердің негізінде гриль етін жасауға талпынсаңыз, екі басты шарттың бар екенін ұмытпаңыз:

—     қыздырудың жоғары температурасы (екі жақтан қыздырған дұрыс),

—     бөлініп шығатын майды алып тастау.

Егер әңгіме ашық көмір мен тор туралы болса, онда арнайы таба, электр грилі немесе басқа да қуыруға арналған тегіс бет артық майдың ағуына мүмкіндік беретінарнайы бедермен жабдықталған болуы тиіс. Демекші, мұндай әдіс диеталық тамақтануда ұсынылған (жай ғана майда қуырылған етпен салыстырғанда) .

Гриль үшін ірі де, ұсақ та кесектер, сонымен қатар шабылған еттен жасалған өнімдер де жарайды (плескавица, люля-кебаб және т.б.). Грильде даярлар алдында етті маринадтауға не жаншуға болады, бірақ бұл жерде еттің сіңірі көп бөліктері туралы айтылса ғана.

Егер де жұмсақ етті алатын болсақ (сүбелі кесек, еттің жұқа жері), онда грильді дайындау үшін алдын ала ешқандай салттарды жасаудың қажеті жоқ. Гриль панировкаланған котлеттер не жаншылған ет үшін мүлдем жарамайды, өйткені мұнда нан үгіндісінің қызу температурасынын гөрі әлдеқайда жоғары температура пайдаланылады.

Ыстау

Ысталған ет ерекше дәм мен хош иіске ие болады, ол ыстық күйде қалай дәмді болса, суыған күйде де дәл солай тамаша болады. Алайда дайын ысталған өнімдер біріншіден, ет өнімдерінен әлдеқайда қымбат тұрады, екіншіден, біз олардың шартты атауы «сұйық түтін» аталатын қандай-да бір химиялық сұйықтықпен өңделмей, табиғи ыстаудан өткеніне үнемі сенімді бола алмаймыз.

Таң қаларлығы, етті ыстау үшін үй жағдайындағы ыстағышты не болмаса тіпті мангалы бар саяжай учаскесін иеленуші болу міндетті емес (әйтсе де, екеуі де тіпті жаман емес).

Етті – қандағаш жоңқасын пайдалана отырып, үй духовкасында да ыстауға болады. Жоңқа жанбауы тиіс, керісінше хош иісті түтін шығаратындай етіп, жай ғана бықсуы тиіс.

Үй жағдайында, барынша дайын болған өнімдерді (піскен, бұқтырылған немесе қыздырып пісірілген етті), не шабылған еттен жасалған тағамдарды ыстаған дұрыс болады.

Ең қарапайым нұсқасы – бұл шұжықтар. Бүгінгі күнде шұжыққа арналған табиғи қабықты базарда не болмаса фермерлік дүкендерде сатып алуға болады. Қабықтың ішіне дәмдеуіштер мен май (шпик) қосылған тартылған ет салынады, сонымен қатар өз қалауыңыз бойынша көкөністерді, ірімшікті, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды да қосуға болады.

Шикі жұжық табада тез қуырылып, духовкада бықсыған қандағаш жоңқасы арқылы дайын болғанға дейін жеткізіледі. Шұжықтарды сүрлеу уақыты шамамен 15 -20 минут. Еттің ірі кесектерін алатын болсақ (әсіресе сүйектегі), онда олар әлдеқайда ұзақ уақыт дайындалады. Қандағаш жоңқасын кез келген қыздырып пісірілген ет тағамын дайындау соңында қосуға болады (мейлі қойдың тұтас аяғы болсын немесе шошқа сандарынан жасалған қуырдақ болсын), духовканың түбіне жоңқа салынған ыдысты қойсаңыз болғаны, ал негізгі тағамды оның үстіне торға орналастырыңыз. 

Дереккөз:beefstream.kz
нравится:    134
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии