22 Июль
08:57
Астана: 14 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Кербез
23 наурыз 14:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ет таңдау ережесі

Ет таңдау бір қарағанда оңай көрінгенімен, мұқият болмаса мерзімі өткен етке ұрынып қалу қаупі бар. Ал мұндай еттерде түрлі бактериялар мен құрттардың болуы әбден мүмкін. Дәрумендердің орнына түрлі бактерияларды тұтынып отырмас үшін ет таңдағанда оның балғындығы мен сапалылығына аса назар аударыңыз. Оны анықтау үшін біздің кеңестерімізді қаперіңізде ұстаңыз.

Бірінші кеңес – дүкен емес, базар
Ет – бұл ойланбастан сатып ала салатын үйреншікті қораптағы йогурт немесе печенье емес. Егер жақсы ет сатып алғыңыз келсе, онда базарға барғаныңыз жөн, онда біраз таңдау бар және сапасы да жоғары болады. Етті дүкеннен сатып алмаудың тағы бір себебі – өндірушілердің еттің өңін жақсарту үшін және салмағын арттыру үшін қолданатын арам қулықтары. Базарда мұнымен айналыспайды деп те айтуға болмайды, бірақ мұнда тым құрығанда сатушының көзіне тік қарай аласыз.

Екінші кеңес – жеке ет сатушының болғаны
Егер етті жиі тұтынатын болсаңыз, әрдайым бір сатушыдан ет алып тұрғаныңыз жөн. Сатушылар тұрақты сатып алушыларды жақсы көреді, сол себепті сапалы ет ұсынып, ал өтініш білдірсеңіз жас етті сіз үшін дайындап қоюы да мүмкін. Сізге адами тұрғыда ұнайтын, және тауарының сапасына да көңіліңіз толатын ет сатушыны өзіңізге тағайындап қойыңыз және әр сатып алған сайын тауарын мақтап, екі-ауыз жылы сөз айтсаңыз тіпті жақсы. Қалғаны – төзім мен жеке қатынасқа байланысты.

Үшінші кеңес – түсін зерттеңіз
Ет сатушымен дос болу да жақсы, бірақ сапалы етті өзіңіз де айыра білуіңіз қажет. Еттің түсі – оның балғындығының басты белгісі: жас сиыр етінің түсі қызыл болады, бұзау еті – алқызыл, қой еті сиыр етіне ұқсас, бірақ қою әрі қанық болады.

Төртінші кеңес – бетін қараңыз
Еттің кеуіп кеткенінен пайда болатын жіңішке ақшыл-алқызыл немесе ақшыл-қызыл қабат – қалыпты жағдай, бірақ еттің бетінде бұдан өзге реңктер мен дақтар болмауы керек. Онымен қоса артық шырыш бөлінбеуі керек, егер етке қолыңызды тигізсеңіз, ол құрғақтау болып тұрғаны абзал.

Бесінші кеңес – иіскеп көріңіз
Иіс – өнімнің сапасын анықтайтын тағы бір сенімді кеңесші. Біз – табиғатымыздан жыртқышпыз және жас еттің білінер-білінбес иісі бізге ұнамды. Мысалы, сиыр етінің иісі сізді дереу ет асуға итермелейтіндей болуы керек. Анық жағымсыз иіс, еттің тұрып қалғандығын және сапасыздығын білдіреді, сондықтан оны алмағаныңыз жөн. Кесек етті «ішінен» иіскеп көру үшін қыздырылған пышақты тығып көру керек.

Алтыншы кеңес – майын зерттеңіз
Еттің майын пайдаланбай, лақтырып жібермек болсаңыз да, ол ет туралы біраз нәрсе айта алады. Біріншіден, түсі ақ болуы қажет (қой етінде ақсары), екіншіден, құрылымы жағынан дұрыс (сиыр етінің майы үгітіліп тұруы қажет, ал қой етінікі, керісінше тығыз) болуы керек, үшіншіден, ашыған, көгерген, жалпы жағымсыз иіс шықпауы керек. Ал егер сіз жас ет қана емес, сапалы ет алғыңыз келсе, онда оның «мәрмәрлығына» назар аударыңыз: жақсы етті кескен кезде майы бетінде бытырап орналасқан болады.

Жетінші кеңес – тығыздығына назар аударыңыз
Жас етті саусақпен басып көргенде ол былқылдап тұрады және саусағыңыздан қалған кішкене шұңқыр бірден жазылып кетеді.

Сегізінші кеңес – тоңазытылған ет таңдау
Тоңазытылған етті таңдағанда оны тоқылдатып көріңіз және дыбысына назар аударыңыз. Оны саусақпен басып көргенде тегіс тілік пайда болып, түсі ашық болады. Етті абайлап жібітіңіз, неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым жақсы (мысалы, тоңазытқышта), және егер ол дұрыс тоңазытылған болса, онда пісірілген еттің дәмі мұздатылған еттен айырмасы болмайды.

Тоғызыншы кеңес – қай бөлігі екенін анықтаңыз
Сатып алып жатқан етіңіз малдың қай бөлігі екенін біліңіз. Жалпы тұтас еттің қай бөлігінде қанша сүйек болатынын біліп жүрсеңіз тіпті жақсы. Осылайша сүйектерге артық ақша төлемейсіз және қанша уақытқа жететінін нақты білетін боласыз.

Оныншы кеңес – мақсат және амалдар
Көбіне адамдар жақсы бір кесек ет сатып алып, оны дайындаған тұста бүлдіріп алады – және бұл жағдайда өзін ғана кінәлау қажет. Ет таңдағанда одан не жасайтыныңызды нақты білгеніңіз дұрыс және мұны ет сатушыға айтсаңыз артықтық етпейді. Қуыру, бұқтырып пісіру, отқа қақтап пісіру, ет асу, сілікпе немесе сорпа және т.б. тағамдар дайындау үшін мал етінің әртүрлі бөліктері пайдаланылады. Әрине, сиырдың жон етінен сорпа жасауға сізге ешкім шек қоймайды - бірақ сіз бұған артық ақша шығарасыз, етті бүлдіріп аласыз және сорпа да онша шықпайды.

Интернет материалдары бойынша
нравится:    35
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии