14 Декабрь
23:08
Астана: -23 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
24 сәуір 11:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Этникалық қазақ Кремльдің бас аспазшысы атанды
Этникалық қазақ Болат Зәкіриянов Ресей президенті әкімшілік қоғамдық тамақтану бас басқармасының жетекшісі атанды, деп хабарлайды дереккөз.

“Этникалық қазақ Болат Зәкіриянов Ресей президенті әкімшілігінің қоғамдық тамақтану бас басқармасын басқарды. Соңғы уақытта оның Краснодар аймағы Геленджик курорт-қаласы думасының төрағасы болғаны белгілі, ал одан кейін – Ресей  президенті істері басқармасының “Рублёв-Успен сауықтыру кешені” федералды мекемесінің бас директоры қызметін атқарған”, – деді әңгімелесуші телефон арқылы.

Істер басқармасының ресми сайты хабарлағандай, оған Мәскеу түбіндегі ең үздік пансионаттар мен саяжайлар кешені: 70 жылдан астам тарихқа ие, өмір сүру үшін жайлы жағдай жасалған Петрово-Дальнее, Архангельское, Успенское, Горки, Барвиха, Жуковка, Николина гора, Усово, Ильинское және Маслово кіреді.

Болат Зәкіриянов Павлодар облысы әкімінің орынбасары және Петропавл қаласының әкімі болған Төлеген Зәкірияновтың інісі болып келеді.

Дереккөз: КазТАГ

 
нравится:    720
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии