18 Декабрь
16:54
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
7 қазан 16:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта болмайды


Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта болмайды. Астанада өткен «Еуразиялық экономикалық перспектива» форумына қатысқан Еуразиялық экономикалық алқа төрағасы Виктор Христенко осылай деп мәлімдегенін Астана арнасы хабарлады.

“Бұл сұрақ  белгіленген ауқымды бағдарламалар іске асқан соң, бір-ақ қозғалуы мүмкін. Оның өзінде тек 2025 жылға қарай. Әрине, ұлттық валюталардың құнсыздануы қаржы саясатына өзгеріс енгізуге итермелейді. Бұл бағытта Орталық банк, қаржы, экономика министрліктері қоян қолтық жұмыс істеуі керек. Мұндай шаралар экономикалық қиындықты еңсеруге сеп болады, деп ойлаймын”, – дейді Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Виктор Христенко.

«Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы аясында парламент мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов одақ елдері Қытаймен экономикалық, индустриалды және инвестициялық байланысты дамытуы қажеттігін алға тартты. Бұл жаңа өндіріс орындарын ашуға, шағын-орта бизнесті дамытуға сеп болады, деді.

Айта кету керек, келесі жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту жөнінде келіссөздер жасасады деп күтілуде.
нравится:    672
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии