20 Август
13:50
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
7 шілде 09:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ЕУРО-2016: Португалия финалға шықты

Санаулы сәттер бұрын Еуропа чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аясында өткен «Португалия-Уэльс» матчы аяқталды.
Кездесуде 2:0 есебімен Португалия құрамасы басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.
Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Қос команда да өте сақ ойнап, қорғанысқа аса мән берумен болды.
Екінші тайм бастала сала, ойынның 50-інші минутында Роналду бұрыштама допбын баспен бағыттап, қарсылас қақпасында тулатты. Жұрттан бір бас биік секіретін Роналду бұл сәтте өз шеберлігін тамаша түрде көрсете білді.
Ал 53-минутта Роналду тағы бір голдың салынуына себепкер болды. Оның асырған добын құлап барып қақпаға бағыттаған Нани ойындағы екінші голдың авторы атанды.  
Айта кетейік, Уэльс құрамасы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына жетіп отыр.
Ертең Астана уақытымен 01:00-де Германия мен Франция құрамалары финалдық ойынға жолдамаға таласатын болады.

​ҚазАқпарат

нравится:    654
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии