Әлем жаңалықтары
19 маусым 12:35
Еуроодақ елдері Ресейге қарсы экономикалық санкциялар пакетін ұзартады
Еуропалық одақ елдері Ресейге қарсы экономикалық санкциялар пакетін 2016-жылға дейін ұзартады деп хабарлайды Астана арнасы.


Мұндай шешім жуырда Брюсселде өткен Еуроодақ елдері өкілдері Комиссиясының отырысында қабылданды.

Сондай-ақ, Қырым мен Севастополь үшін де шектеу шараларын ұзартылмақ. Нақтырақ айтсақ, әңгіме Қырым мен Севастополь қосылғаннан кейінгі, Қырым бизнесі мен Қырым тауарлары импортына қатысты санкциялар пакеті туралы болып отыр.

Мұндай шешім бір жыл бұрын қабылданған еді. Ол кезде шектеу мерзімі 2015-жылдың 23-маусымына дейін деп көрсетілген болатын.

Енді бұл тағы бір жылға шегерілді. Ресми шешім дүйсенбі күні өтетін Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрліктері басшыларының  кездесуінде қабылданады, деп күтілуде.

 

Комментарии




Яндекс.Метрика