18 Декабрь
22:32
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
17 мамыр 15:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуроодақ қазақстандықтарға шенген визасын беру статистикасын жүргізетін болады


Еуропалық одақ қазақстандықтарға шенген визасын беру статистикасын жүргізуді бастайды. Бұл туралы ҚазАқпарат   тілішісімен әңгімесінде ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, елші Траян Христи (Traian Hristea) айтты.
«Бізде мұндай шоғырландырылған статистика жүргізіліп жатқан жоқ, өйткені Еуропалық одақ мүше-мемлекеттері өздерінің виза саясатын тікелей өздері жүзеге асырады. Бірақ та біз қазір Еуроодақтың жаңа Виза кодексі бойынша визаларды беру мәселелеріне әмбебап тұрғыны практикада жүзеге асыруды бастадық. Кезі келгенде, бұл барлық мүше-мемлекеттерде шенген визасын берудің бірыңғай қағидаларынан басқа, мүмкін, мұндай жинақталған статистика пайда болуына соқтырады, деп сенемін», - деп атап өтті ол, Еуроодақ қазақстандықтарға виза беру статистикасын жүргізе ме, деген сұраққа жауап қайтара отырып.  
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан ЕО-мен және оның мүше-мемлекеттерімен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Қазақстанда келісімді жүзеге асыру екіжақты күн тәртібіндегі көптеген шешілмеген мәселелерді алға жылжытуға серпін беретін болады, деп пайымдайды. Солардың бірі - қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету болмақ.
 «Біз визалық режимді алып тастау жөнінде әңгіме көтеріп отырған жоқпыз, біз бұған мүдделі емеспіз. Біздің азаматтарымыз шенген визасын рәсімдеуде елеулі қиындықтарға душар болып отырғаны да, жасырын емес. Бұл визаны беру және алу үдерісі жеңілдетілетін болады, соның ішінде шенген визасын алуда біздің азаматтардан талап етілетін құжаттар тізімі қысқартылады және  және басқа да мәселелер шешіледі», деп түсіндірді ҚР сыртқы істер вице-минитстрі Роман Василенко осы жылғы наурызда Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында. 
 
 
нравится:    670
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии