|    |  
16 қазан 2019
22:02
қаз
​Еуроодақ соты Ресейге салынған санкцияларды заңды деп таныды
28 наурыз 2017, 15:22 25
Люксембургтегі Жоғарғы сот Еуропа Кеңесінің ресейлік бірнеше компанияларға қарсы салынған санкцияларды заңды деп таныды.


 
Осылайша Жоғарғы сот ресейлік «Роснефть» компаниясының шағымын кері қайтарды. 2014 жылдың шілдесінде санкцияға іліккен «Роснефть» компаниясы мен кәсіпкер Аркадий Ротенберг өткен жылдың қазанында салынған санкциялардың Еуроодақтың ішкі заңдарына қайшы келетінін жазып, шағым түсірген болатын.
 
Сот шешімінде «Роснефть» шағымына қатысты жайт егжей-тегжейлі түсіндірілмеген.
 
"Роснефть"  компаниясымен бірге "Газпромнефть" және "Транснефть" компаниялары, сондай-ақ  Ресейдің бес банкі Еуроодақтың секторалдық санкцияларына іліккен еді. Осыдан кейін Сбербанк, ВТБ банк, «Газпром», «Газпром нефть» бөлімшелері де арызданған.
 
Осы істің барысында "Роснефть" экономикалық санкциялардың күшін жоюға байланысты заңгерлік қызмет көрсететін компаниялар арасында 28,5 млн долларлық тендер ұйымдастырды.
 
Дереккөз: www.bbc.com/russian/


Жаңалықтар