21 Ноябрь
23:24
Астана: -12 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
11 шілде 11:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуроодақта тарихта алғаш рет тұрғындардың табиғи өсімінің азаюы тіркелді


Еуроодақта тарихта алғаш рет тұрғындардың табиғи өсімінің  азаюы тіркелді. Бұл туралы жұма күні таратылған «Еуростат» ЕО статистикалық кеңесі таратқан хабарламада жазылды. 

2015 жылы ЕО-да шамамен 5,1 миллион сәби дүниеге келгені, 5,2 млн.-нан астам адам көз жұмғаны аталып өтілді.

«Бұл ЕО  тарихында алғаш рет тұрғындардың табиғи өсімінің  азайғаны, яғни елде дүниеге келетіндердің саны дүниеден озатындарға қарағанда төмен дегенді білдіреді», - деп хабарлады «Еуростатта».

Оған қарамастан, өткен жылы Еуроодақ тұрғындарының саны шамамен  2 миллион адамға артты, негізінен,  миграция (көші-қон) есебінен.

«2016 жылы 1 қаңтарда Еуроодақ тұрғындарының саны  510,1 млн. адам болды, бір жыл бұрын 508,3 млн. болған», - делінген зерттеуде.

Еуроодақтағы халқы көп елдер Германия (82,2 млн. тұрғын), Франция (66,7 млн.), Ұлыбритания (65,3 млн.) және Италия (60,7 млн.). Бұл елдерде ЕО тұрғындарының жартысы тұрады.

«2015 жылы ЕО-ға мүше 17 елде тұрғындар саны артса, 11-нде төмендеді», - деп атап өтті «Еуростатта».

Өсім Люксембург (1 мың тұрғынға +23,3), Австрия (+14,4%), Германия (+11,8%), Мальта (+11,7%), Швеция (+10,6%), Дания (+8,4%) және Бельгияда (+7,2%) байқалды.

Халық анының азаюы Литва (-11,3%), Латвия (-8,7%) және Хорватияда (-8,2%), кейін Болгария (-6,7%), Грекия (-6,0%) және Румынияда ( 5,6%) тіркелді.
 
 
нравится:    545
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии