|    |  
15 қараша 2018
21:45
қаз
Еуроодақта жасалған теракт саны өткен жылы рекордтық көрсеткішке жеткен
21 шілде, 09:40 619

 
Өткен жылы Еуроодақ елдерінде 211 шабуыл тіркелген. Еуроодақ полиция қызметінің мәліметі бойынша бұл 2006 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш.
 
Шабуылдар Еуроодақтың алты мемлекетінде – Данияда, Францияда, Грецияда, Италияда, Испания мен Британияда жасалған. Ең көп шабуыл Британияда (103), одан кейін Франция (72) мен Испания (25) тұр.
 
 
Еуропол қызметінің баяндамасына сәйкес 687 адам жиһадтық терроризм бойынша тұтқындалған. Олардың 94% кінәлі деп танылған.
 
Аталмыш шабуылдар салдарынан 151 адам қаза тауып, 360 астам адам жараланған.
 
Еуропол мамандарының сөзінше әзірге жиһадшылардың Еуропаға елеусіз өту үшін Еуроодаққа ағылатын мигранттар легін пайдаланатынына дәйекті дәлел жоқ.
 
Бірақ, Париждегі қарашада орын алған шабуылдардың екі ұйымдастырушысы Еуроодаққа сириялық босқындармен бірге кіргенін растады.
 
Дереккөз: ВВС 
Жаңалықтар