14 Декабрь
22:48
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
11 шілде 16:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуропа банктерінің «бағы» тайды

 
Еуропа банктері қайта капиталдандыруға мұқтаж. Сонымен қатар төленбеген несиелер көлемі өскен.  Еуропа банктеріне қайта капитал құю үшін 150 млрд еуро қажет. Бұл туралы Welt басылымына берген сұхбатында Германиядағы Deutsche Bank-тің бас экономисі Дэвид Фолькертс-Ландау мәлімдеді.
Маманның сөзіне сенсек 2008 жылы АҚШ құны жүздеген млрд доллар тұратын банк секторының «оңалу» жоспарын ұсынған. Бірақ Еуропа бұдан неғұрлым аз қаражатпен де «аяққа тұрып» кете алады екен.
Фолькертс-Ландау: «Еуропа жақсы жағдайда емес және оған проблемаларын қазір шешу қажет. Әйтпесе бәрі жаман аяқталуы мүмкін»-дейді.
Қаржы ұйымдарының басым бөлігі 2 млрд еуро көлеміндегі төленбей, кешіктірілген несиелер себебінен қазірдің өзінде қиын жағдайда қалған. Бұл әсіресе Италияға қатысты. Аталмыш елде банк дағдарысы дендеген және Еуропаның басқа елдеріне таралуы мүмкін. Италия банктеріндегі төленбеген несиелер көлемі 350 млрд еуроға жеткен.
Еуропалық банктердің акциялары соңғы жылы рекордтық көрсеткішке - 33% дейін құлдыраған. Бұл соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Deutshce Bank акцияары 48% арзандаған.
 
Дереккөз: psm7.com
нравится:    741
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии