21 Август
05:00
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
23 маусым 09:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Еуропа елдері Грекияға көмек беруге келісе алмады
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас келіссөзге келіп жатыр. Брюссель, 22 маусым 2015 жыл.23.06.2015Брюссельде еуро қолданатын елдердің сыртқы істер министрлері 22 маусымда Грекияға көмек беру мәселесінде келісімге келе алмай, келіссөзді үзді.

Келіссөзге төрағалық етіп отырған Нидерланды қаржы министрі Йерун Дейсселбум келіссөзге қатысушылар енді Афинаның өткен аптаның соңында Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас ұсынған реформалар туралы жаңа ұсыныстарын назарға алатынын мәлімдеді.



Дейсселбумның пікірінше, Грекияға қатысты осы аптаның өзінде уағдаластыққа қол жеткізуге мүмкіндік бар.

Афина осы аптаның соңына дейін Халықаралық валюта қорына несие төлемі үшін бір жарым миллиард еуро төлеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда Грекия дефолт болады.

Грекияда дағдарыстық жағдай Ципрастың солшыл радикалды үкіметінің халықаралық қаржылай көмек алу үшін қатаң экономикалық саясат ұстанғысы келмеуінен шиеленіскен.

Дереккөзі: www.azattyq.org
нравится:    638
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии