20 Октябрь
18:38
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Экономика
15 ақпан 11:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуропа елдеріндегі ең төменгі жалақы мөлшері белгілі болды


Еуроодақ құрамындағы 22 елдің 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ең төменгі жалақы көлемі белгілі болды. Негізінде елдер аздап өсу үрдісін сақтап қалған, алайда кейбір елдерде ол төмендеген, деп хабарлайды Eurostat.
 
Ең жоғарғы көрсеткіш Люксембургте (1999 еуро), Ирландияда (1563 еуро), Нидерландыда (1552 еуро), Бельгияда (1532 еуро) және Германияда (1498 еурo) байқалып отыр.
Ең төменгі жалақы мөлшері айына 500 еуродан аспайтын елдер қатарында Чехия (407 еуро), Венгрия (412 еуро), Хорватия (433 еурo), Словакия (435 еуро), Польша (453 еурo) және Эстония (470 еурo) бар.
 
Латвия мен Литвада ең төменгі жалақы айына 380 еуроны құрайды. Одан төмен көрсеткіш тек Болгария (235 еуро) және Румыния (275 еуро) елдеріне тиесілі.
 
ЕО-ғы ең жоғары айлық жалақы ең төменгі жалақы деңгейінен он есе артық, ал егер түрлі елдердегі баға деңгейлері айырмашылықтарын ескермейтін болсақ, бұл арақатынас 1:3 көрсеткішті құрайды.
 
2008 жылмен салыстырғанда ең төменгі жалақы көлемі Болгарияда (+109%), Румынияда (+99%), Словакияда (+80%) өскен. Эстонияда өсім деңгейі 69%, Латвияда - 65%, Литвада - 64% құрайды. Осы кезең ішінде ең төменгі жалақы мөлшері төмендеген бір ғана ел – Греция (-14%).
 
Ең төменгі жалақы мөлшері ЕО-тың үш елінде ғана орташа табыстан 60% артық: Португалия (64%), Франция және Словения (62%-дан). Латвия және Литва елдерінде бұл көрсеткіш 52%-ды, Эстонияда - 40%-ды құрайды.
 
Австрия, Дания, Италия, Финляндия, Швеция және Кипрда мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерін белгілемейді.


Дереккөзі: Eurostat
нравится:    666
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии