|    |  
15 қараша 2018
13:21
қаз
Еуропада тұңғыш ислам университеті ашылады
22 сәуір, 10:39 776

Италияның Лечче қаласында Еуропадағы алғашқы Ислам университеті ашылмақшы. Универститеттің негізін қалаушы осыдан 3 жыл бұрын ислам дінін қабылдаған Джампьеро Халед Паладини бұл құрылыстың алдағы 3 жыл ішінде аяқталатындығын айтты. Құрылыс біткен соң, университет бес мыңға жуық студентті қабылдайды. Сондай-ақ, Паладини университет дін саласынан бөлек өзге де мамандықтарды оқытатынын жеткізген. Италиялық жергілікті БАҚ өкілдері салынып жатқан оқу орнын кәрі құрлықтағы тұңғыш ислам университеті болатынын жарыса жазуда. "Quotidiano di Puglia" мерзімді басылымының хабарына қарағанда, 3 жыл ішінде медицина мен ауыл шаруашылық мамандықтары да ашылады.

islam.kz
Теги: Қоғам
Жаңалықтар