24 Август
12:40
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
21 қыркүйек 09:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуропаға 35 млн. босқын келе жатыр-Венгрия сыртқы істер министрі
Еуропа елдеріне шекаралары шептерін күшейте түсуге тура келеді. Себебі, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінен, Ауғанстан мен Пәкстаннан бұлай қарай тағы 30-35 миллион адам шамасында босқын бағыт алып келе жатыр. Бұл туралы Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сияртоның сөзіне сілтеме жасаған «Вести.Ru» хабарлады.


Сияртоның пікірінше, Еуроодақ елдері шекараны бекітудің айдан анық қажеттілігін қаперлерінен шығарып, затты өз атымен атауға бара алмай отыр. Ол «халықаралық БАҚ-тардың жалған хабарламалары» негізінде әрекет жасап келе жатқан билікті сынға алды. Венгрия кәрі құрлықтың жүздеген мың немесе миллион мигрантты қабылдауға шамасы келмейді.

«Біз тек Шенген режиміне қолдау көрсетіп, оны күшейткенде ғана дағдарысқа иелік ете аламыз», – деді Сиярто.

Венгрияда қыркүйектің 15-інен заңға шекарадағы бақылауды айтарлықтай қатайтуға бағытталған түзетулер өз күшіне енді. Жаңа ереже мемлекеттік шекараны күзетуге армияны қатыстыруды, одан рұқсатсыз өтіп кеткендерге қылмыстық жаза қолдануды, баспана беру жөніндегі өтінішті жедел қарауды қарастырады. Өзгертулер сондай-ақ жасырын өтетін мигранттарға жәрдем беретін контрабандашыл топтарды жазалауды да күшейтеді. Нәтижесінде босқындар енді бұған баламалы бағыттар іздестіретін болады.

2015 жылдың басынан бері Еуроодақ елдері өздерінің территорияларына 500 мыңға жуық мигрантты қабылдап үлгерді. Олардың қатары күн санап мыңдаған адамға артып отырды. Осы ретте Еурокомиссия қазіргі көші-қон дағдарысын Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі аралықтағы ең ірісі болып отырғанын атап өтті.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    700
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии