13 Декабрь
13:16
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
4 наурыз 11:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуропалық одақ Шенгенді құтқарып қалуға әзірленуде

Егер таяудағы уақытта Еуроодақтың ішкі шекарасындағы бақылау тағы да алып тасталмайтын болса, еуропалық экономика жылына 7-18 млрд. еуро жоғалтады, деп хабарлады Лента.ру.
Еурокомиссия мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін Шенген келісімін құтқару жоспарын ойластыруда.
«Жаңадан енізілген шекара бақылауы экономикалық, саяси және әлеуметтік салдарларға әкеп соғады», - деп Süddeutsche Zeitung Еуропалық одақ жоспарын келтіреді.
Шекарадағы тексеру ЕО азаматтарын еркін жүріп-тұрудан айырумен қатар, жалпыеуропалық нарыққа елеулі нұқсан келтіреді. Шекараның жабылуынан әсіресе көлік пен логистика саласы елеулі шығындарға ұшырайды.
Жұмысқа бара жатып кептелістерде күн сайын, Одақтың ішкі шекарасын кесіп өтетін 1.7 млн. адам тұрып қалады. Бұл адамдар жұмыс жасайтын компаниялар 2,5 млрд-тан 4,5 млрд. еуроға дейін қаржы жоғалтады. Туристік сала да қонақүйде 13 млн. орын брондау үлесінен қағылады.
Сонымен бірге, шекараға қызмет ететін әкімшілік шығындар кемінде 1 млрд. еуроға жетеді, деп мәлімдеді Еурокомиссия.
Бұл сценарийге жол бермеу үшін Брюссель Шенген аймағының ішкі шекараларындағы бақылауды кезең-кезеңімен алып тасауы тиіс. ЕК пікірінше, ол биылғы жылдың аяғына дейін жойылуы тиіс.
Алдымен Грекияға ЕО-ның сыртқы шекарасын қорғауға көмектесу қажет, ол үшін Frontex агенттігін тарту жоспарлануда. Күзге қарай ЕО-ның шекараларын қорғауға кірісетін жалпыеуропалық шекаралық және жағалаулық қызметтерді әзірлеу аяқталуы тиіс.

ҚазАқпарат
нравится:    601
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии