20 Ноябрь
13:54
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Туризм
6 қараша 11:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еуропаны қалың тұман басып, әуе тасымалдау жұмыстары тұралады
Еуропаны басқан қалың тұман әуе тасымалын қиындатты. Әсіресе Батыс Еуропа елдері мен Ұлыбританияда әуе лайнерлері ұша алмай жатыр. Бұл жайында ВВС агенттігі хабарлайды.



Әуе тасымалы қызметінің қиындағаны сонша, бірнеше әуежайларда ұшақтардың ұшу кестесі өзгерген. Манчестер, Брюссель, Лондон, Майндағы Франкфурт, Гамбург, Амстердам және Париж әуежайларында ахуал тіпті күрделі.

Басылымның хабарлауынша, тек Лондонның Хитроу әуежайында 122 ұшу бағыты шегерілген. Сондай-ақ, тұман Ұлыбританиядағы жол қозғалысын тұралатты.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, табиғаттың тосын мінезі алдағы бірнеше күн бойы сақталады.

Дереккөзі: Астана арнасы
нравится:    893
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии