|    |  
21 қараша 2018
17:07
қаз
Еуропаның 25 елінде электрондық сағаттар уақытты көрсетуден жаңылысқан
08 наурыз, 14:19 67


Қаңтар айының ортасынан бастап Еуропа елдерінде тұрмыстық техникаға орнатылған электрондық сағаттар уақытты көрсетуден жаңылыса бастаған. Бұл ретте олар шынайы уақыттан 6 минутқа кеш қалып отыр. Мұндай жағдай Еуропадағы 25 мемлекетте анықталды, деп хабарлайды журнал "Эксперт".

Кейінірек белгілі болғандай, техникаға орнатылған сағаттар энергетикалық желінің жиілігін пайдаланатыны анықталған.
Бұл желі Еуропада тұрақты 50 герц жиілікте жұмыс істейді немесе секундына 50 цикл деген сөз. Электрондық сағаттар осы циклды есептей отырып, өздерінің уақытты көрсетуін реттеп отырады. Алайда, жиілік ұзақ уақыт бойы ауытқыған кезде проблемалар туындайды.

ENTSOE – электр энергиясының жүйелік операторларының еуропалық желісі биылғы қаңтар айының ортасынан бастап Испаниядан Түркияға дейінгі және Нидерландыдан Польшаға дейінгі аралықта 50 герц жиіліктен үздіксіз ауытқулар тіркелгенін хабарлады. Бұл қажетті энергия тапшылығынан орын алған. Қазіргі уақытта энергия тапшылығы сағатына 113 гигаватты құрайды. Бұрын мұндай ауытқушылықтар ешқашан болмаған.

ENTSOE компаниясы бұған SMM (Сербия, Македония, Черногория) бақылау блогында, нақты айтқанда Косово мен Сербияда проблемалардың туындауы басты себеп болып отыр деген қорытынды шығарды.
 
Жаңалықтар