Туризм
28 тамыз 12:26
Еуропаның ең арзан және ең қымбат қалаларының рейтингі жасалды



Сарапшылар Еуропаның демалыс күндері туристер үшін ең қымбат және ең арзан қалаларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Pomogator гидтер іздеу сервисі Post Office Travel Money басылымына сілтемемен.

РИА Новости хабарлағандай, зерттеуге туристер үшін қажетті он тауар мен қызмет түрлерінің құны алынған. Сарапшылар саяхатшылардың үш жұлдызды қонақүйде екі күн түнеуге, трансферге, туристік жолақыға, үш рет тамақтануға және қаланың басты көрікті жерлеріне, музей және көркем галереяға билет сатып алуға кететін шығындарын есептеп шығарды. Сондай-ақ, сыра, шарап, кофе және газды судың бағасы ескерілді.

Еуропаның ең қымбат қалалары тізімінің көш басында Венеция тұр, мұнда туристік тұтыну корзинасы шамамен 500 еуроны құрайды. Екінші орында Еуропа және әлемнің туристік астаналары рейтингінде үнемі көш басында тұратын Париж қаласы, үшінші орында Барселона тұр.

Ең арзан қалалардың тізімінде бірінші орында Сербия астанасы Белград тұр, одан кейінгі орындарды Румынияның Бухарест қаласы мен Португалияның Порту қаласы иеленеді.
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика