20 Август
08:02
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
13 мамыр 17:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Eurovision-2016: финалға жолдама алған елдер (ФОТО)


Стокгольм қаласында Еуровидение ән байқауының екінші жартылай финалы аяқталды, ол сенбі, 14 мамыр күні «Глобен» спорт-концерт кешенінің сахнасында өнер көрсететін тағы он қатысушыны анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Көрермендер мен ұлттық қазылар алқасының дауыс беру қорытындыларына сәйкес, байқауды Латвия, Грузия, Болгария, Австралия, Украина, Сербия, Польша, Израиль, Литва және Бельгия қатысушылары жалғастырады.

Бірінші жартылай финал 10 мамырда өткен және оның қорытындылары бойынша финалда Ресей, Мальта, Әзербайжан, Армения, Австрия, Кипр, Чехия, Нидерланды, Хорватия және Венгриядан жиналған қатысушылардың музыкалық нөмірлері шырқалады.

Байқау ережелері бойынша, жартылай финалдарға «үлкен бестік» - Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия және Испанияның және бұған дейінгі байқауға қатысып, жеңіске жеткен елдердің өкілдері қатыспайды, олар ақтық кезеңде шығады.

«Еуровидение-2016» байқауы Стокгольмда 10-14 мамыр күндері аралығында өтіп жатыр. Бір жыл бұрын Венада өткен бұл байқауда Швецияда танымал орындаушы Монс Сельмерлёв «Қаһармандар» әнімен жеңіске жеткен еді.

Бұл байқау әлемдегі ең ірі ойын-сауық шоуы саналады. Биылғы жылы оның финалы алғаш рет АҚШ-та көрсетіледі.
Музыкалық байқау алғаш рет 1956 жылдың 24 мамырында болып өткен. 2016 жылы Еуровидениеге 42 елдің өнерпазы қатысып жатыр.
Бұл жарыста ең көп рет Ирландия әншілері жеңіске жеткен (жеті рет). Одан кейін жеңімпаздар тізімінде алты рет бірінші орын алған Швеция орналасты.

Кеше байқаудың екінші жартылай финалының қорытындысы шыққан соң, ұйымдастырушылар финалда өнер көрсетушілердің ретін анықтаған болатын. Сол тізімді назарларыңызға ұсынамыз.


1. Бельгия: Laura Tesoro - "What's the Pressure"


2. Чехия: Gabriela Gunčíková - "I Stand"


3. Нидерланды : Douwe Bob - "Slow Down"


4. Азербайджан: Samra - "Miracle"


5. Венгрия: Freddie - "Pioneer"


6. Италия: Francesca Michielin - "No Degree of Separation"


7. Израиль: Hovi Star - "Made of Stars"



8. Болгария: Poli Genova - "If Love Was a Crime"


9. Швеция: Frans - "If I Were Sorry"


10. Германия: Jamie-Lee - "Ghost"


11. Франция: Amir - "J'ai cherché"



12. Польша: Michał Szpak - "Color of Your Life"


13. Австралия: Dami Im - "Sound of Silence"


14. Кипр: Minus One - "Alter Ego"


15. Сербия: Sanja Vučić ZAA - "Goodbye (Shelter)"


16. Литва: Donny Montell - "I've Been Waiting for This Night"


17. Хорватия: Nina Kraljić - "Lighthouse"


18. Россия: Sergey Lazarev - "You Are the Only One"



19. Испания: Barei - "Say Yay!"


20. Латвия: Justs - "Heartbeat"


21. Украина: Jamala - "1944"


22. Мальта: Ira Losco - "Walk on Water"


23. Грузия: Nika Kocharov & Young Georgian Lolitaz - "Midnight Gold"


24. Австрия: Zoë - "Loin d'ici"


25. Великобритания: Joe & Jake - "You're Not Alone"


26. Армения: Iveta Mukuchyan - "LoveWave"




 
нравится:    777
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии