20 Октябрь
10:58
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
20 маусым 10:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Eurowings ұшқышы 90 жолаушыны қалайша «ұмытып» кеткенін түсіндірді


Eurowings компаниясы ұшағының ұшқышы  Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткен. Ол қалада түнгі ұшуларға салынған тыйым күшіне енгенге дейін әуе кемесін ұшыруға асықты, деп хабарлады авиажелісінің өкілі, деп жазды РИА Новости.
Бұдан бұрын Eurowings компаниясының ұшағы Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткені жайлы хабарланған болатын. Ұшаққа жолаушыларды 2 автобуспен жеткізу керек болған. Бірінші автобустағы 40-тай жолаушы бортқа мініп үлгерген. Алайда екінші автобуста болған 90 жолаушы ұшаққа мінбеген.
"Ол (ұшқыш - ред.) Дрезденге жолаушылардың бір бөлігін жеткізу үшін келісім бойынша ертерек ұшты", - деген Eurowings өкілінің сөздерін Rheinische Post басылымы келтірді. Авиажелісінің өзге өкілінің айтуынша, сағат 21.49-да  ұшуға дайын болмаған ұшақтарға әуеге көтерілуге тыйым салынған.
Басылым деректеріне сәйкес, борттың ұшуы екі сағатқа кешіккен. Ол жергілікті уақытпен сағат  19.05-те ұшырылады деп жоспарланған болатын.
 
 
нравится:    538
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии