11 Декабрь
23:17
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
22 мамыр 11:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Евровидение-2015» байқауының финалистері анықталды
«Евровидение-2015» байқауының финалистері анықталды


Австрия астанасында өткен «Евровидение-2015»  байқауының жартылай финалынан ақтық сынға суырылып шыққан барлық 27 қатысушының есімі анықталды.22 мамырда  17 үміткердің 10-ы  келесі кезеңге өттті. Бұлар -  Литва, Польша, Словения, Швеция, Норвегия, Черногория, Кипр, Әзербайжан, Латвия және Израиль өкілдері.
Сейсенбі күні бірінші жартылай финалдан кейін 10 қатысушы ақтық сынға жолдама алды. Солардың ішінде  Ресей өкілі Полина Гагарина бар. Бұл топтан келесі кезеңге Эстония, Греция, Венгрия, Румыния, Грузия, Сербия, Армения, Албания және Бельгия өкілдері өтті. Оған еуропалық «бестіктің» өкілдері (Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания және Италия), Австрия және арнайы қонақ Австралия өкілі қосылады.   
Атап өту керек, Полина Гагаринаны, швециялық әнші Монс Зелмерлёвті және Италиялық ұжымды букмекерлер    финалдың фавориттері деп санайды. Ақтық сын сенбі күні, 23 мамырда өтеді. Жеңімпаз ел келесі жылы байқауды ұйымдастыру құқығына ие болады, деп жазды  ТАСС.
 
ҚазАқпарат
 
нравится:    563
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии