19 Декабрь
04:21
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
7 шілде 17:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«EXPO Family Film» фильмі Халықаралық медиа-байқаудың «алтынын» ұтып алды (ВИДЕО)


«ЭКСПО-2017» көрмесі туралы фильм Германиядағы Дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдары фестивалінде бірінші орынды алды. Фестивальге барлығы 38 ел және 40-қа жуық корпорация, агенттік, телевизиялық арна қатысты, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«EXPO Family Film» (ЭКСПО-ның отбасылық фильмі) «Корпоративтік коммуникациялар: келушілерге арналған ақпарат» аталымында алтын ұтып алды. Сонымен қатар, фильм өз аталымында үздік атанып, «Гранд» марапатына лайық деп танылды. Фильм өткен жылдың қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясындағы таныстырылым үшін түсірілген болатын. Фильмнің мақсаты - шетелде ЭКСПО-2017 көрмесін кеңінен таныту, Астанадағы көрмеге халықаралық қатысушыларды және туристерді тарту»,-  делінген компания ақпаратында.
Гамбургте (Германия) өткен Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары фестивалі осы саладағы ең жетекші іс-шаралардың бірі болып табылады. Фестивальді медиа-маркетинг саласындағы жетекші компания «Intermedia» 2000 жылдан бері өткізіп келеді және ол бүкіл әлемдегі шығармашылыққа жаны жақын тұлғалардың басын біріктіруге арналған. Байқауға ірі және шағын компаниялар қатыса алатынын атап өту қажет. Қазылар алқасының айтуы бойынша, «Астана ЭСКПО-2017» ҰК» АҚ-ның тікелей атсалысуымен түсірілген Қазақстан туралы фильм елді жалпы таныстыруды, 2017 жылы өтейін деп отырған көрмеге шақыруды көздеген өз мақсатын көрермендерге толығымен жеткізе алды.
«Айрықша әсер қалдырып отыр. Табиғат, мәдениет, технология, күнделікті тұрмыс, барлығы керемет түсірілген. Басты кейіпкерлер өз бейнелерін шынайы сомдаған, оларға сенесің. Фильмдегі негізгі сәттердің өзіне ғана тән дара ырғағы бар және жан тебірентерлік сезімге бөлейді. Осы фильмді тамашалаған барлық көрерменде Қазақстанды көруге деген ынта пайда болады», - деді қазылар алқасының мүшесі.



Дереккөзі:kazinform.kz
нравится:    768
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии