15 Декабрь
16:20
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
21 қыркүйек 17:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Эйфель мұнарасы оқ өтпейтін шынымен қоршалады


Париждегі Эйфель мұнарасының төңірегі оқ өтпейтін шынымен қоршалады.

Француз билігі тиісті жұмыстарды бастап та кеткен. Бұл – қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шара. Негізі былтыр футболдан Еуропа чемпионатына орай мұнда темір қоршау орнатылған болатын. Алайда қала басшылығының мәлімдеуінше, бұл әлемге танымал орынның сыртқы келбетін бұзады. Сондықтан темір қоршауды, шынымен алмастырған дұрыс. Жоба құны 30 млн еуроға бағаланып отыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келер жылдың мамыр айына таман аяқталуы тиіс.

Негізі шыны қоршау орнату жұмыстары жергілікті биліктің Эйфель мұнарасын жаңарту бойынша ауқымды жобасының аясында жасалып отыр. Ол жобаның құны – 300 млн еуро. Бұл сомаға мұнара ішіндегі лифттер жөнделіп, жарық жүйелері жаңартылмақ. Сондай-ақ құрылыстың сыртын бояу да жоспарда бар. Негізгі жұмыстар 2024 жылға дейін аяқталуы тиіс. Өйткені 7 жылдан кейін Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Дереккөзі: www.24.kz
нравится:    106
Теги: Туризм жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии