19 Август
07:31
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
21 қыркүйек 10:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Эйфель мұнарасынан лаңкестер іздестірілді


Парижде арқасында рюкзагы бар белгісіз ер адамның мұнарамен жоғары өрмелеп бара жатқанын көріп қалған күзетшінің сақтық шараларынан кейін Эйфель мұнарасын бірнеше сағат бойы жабуға тура келді.

Дабыл жексенбі күні таңертеңгілік болған, деп хабарлайды Би-би-си. Мұнараға жақын жердегі барлық адам эвакуацияланды, ал терроризмге қарсы күрес жөніндегі арнайы жасақ полицейлері әлгі рюкзак арқалаған жанды шұғыл іздестірді.

Полицияның сөзіне қарағанда, ешкім табылмаған. Эйфель мұнарасы жергілікті уақытпен 14:45-те қайта ашылды.

Еске сала кетсек, Париждің ең танымал сәулеттік туындысын тамашалауға күн сайын 30 мыңға жуық турист келеді.

Дереккөзі: today.kz
 
нравится:    821
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии