20 Сентябрь
08:08
Астана: 6 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Туризм
24 тамыз 14:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Эйр Астана» Астана-Дубаи рейсін қайта ашады
Ағымдағы жылдың 25 қазанынан «Эйр Астана» АҚ Астана-Дубаи бағытындағы рейсті қайта ашады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.



Астана-Дубаи бағытындағы тұрақты рейс аптасына төрт рет - дүйсенбі, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus 320 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Бұл рейс Қазақстан астанасын Дубаимен байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар Қостанай, Павлодар, Өскемен аймақтарының тұрғындарына саяхаттауға қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар Үрімжі, Омбы және Бішкектен ұшу үшін қолайлы тоғысулар ұсынылады. 

«Эйр Астана» биыл Астанадан Париж, Сеул, Тбилиси қалаларына тікелей рейстер ашты. Астана-Дубаи тікелей рейсі де елорда тұрғындарының саяхатын қолайлы ететініне сенеміз», - деді әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    798
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии