24 Август
03:17
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Туризм
28 наурыз 16:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Эйр Астана» Мәскеуге тұрақты рейс жасауға рұқсат алды
«Эйр Астана» АҚ 2016 жылдың 27 наурызына қараған түні сағат 03:12-де, көктемгі-жазғы навигация науқанының алғашқы рейсін жасауға 3 сағат қалғанда Мәскеуге тұрақты рейс жасауға рұқсат алды. Бұл туралы бүгін аталмыш әуе компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

ұшаққққ

Рұқсат Ресейдің Әуе көлігі федералдық агенттігі (қысқаша атауы – Росавиация) тарапынан берілді. Енді рейстер кесте бойынша тұрақты түрде жасалып тұратын болады.

Дей тұрғанмен, Росавиация қазақстандық тасымалдаушыларға Астанадан Ұланбатырға Ресей аумағы арқылы (300 шақырым) тікелей әуе рейсін ашуға әзірге рұқсат бермей отыр.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында отандық әуе компания – «Эйр Астанаға» Мәскеуге ұшуға Росавиация тарапынан рұқсат берілмегендігі туралы ақпарат пайда болған еді. Соның салдарынан 2016 жылдың 27 наурызан бастап, Ресейге жасалатын рейстердің тоқтатылу қаупі туындады. Енді әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    618
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии