13 Декабрь
09:47
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
18 қаңтар 16:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Эйр Астана» маусым айында Тегеран және Алматы арасында тікелей әуе қатынасын ашады
7 қаңтарда Тегеранда «Эйр Астана» әуе компаниясының Қазақстан мен Иран арасында тұрақты тура әуе қатынастарының жүргізуі жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.«Аталған құжатқа сәйкес, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2016 жылдың маусым айынан бастап Тегеран және Алматы арасында жиілігі аптасына 3 рет тура әуе қатынастары орнатады», деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.


КҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев және «Эйр Астана» әуекомпаниясы Президентінің орынбасары Ербол Оспанов басқарған қазақстандық делегация Иранның авиациялық басқарушы ұйымымен жақын арада Тегеран және Астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы жөнінде келіссөздер өткізді. Қазіргі уақытта, ирандық «Махан Эйр» әуе компаниясы Тегеран және Алматы қалалары арасында аптасына 2 рет ұшуда.
ҚР Ирандағы Елшісі Бағдад Әміреев аталған құжат 2015 жылы 14 шілдедегі Вена қаласында ирандық ядролық бағдарлама бойынша Бірлескен әрекеттер жоспарынының бекітілуіне Қазақстан үлес қосқан уағдаластыққа сәйкес Иранға қолданылған халықаралық және біржақты санкциялардың тоқтатылуынан кейінгі Иранның шетелдік мемлекеттермен қол қойған ең бірінші құжаты болып табылатынын атап өтті. 


Дерекккөзі : http://inform.kz/rus/article/2861062
нравится:    622
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии