23 Август
00:38
Астана: 19 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
29 желтоқсан 10:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ежелде Марстың бетінде ядролық жарылыстар болған
Марстың бетіне ксенон 129 газы көп мөлшерде шоғырланған. Ал бұл газ ядролық реакция нәтижесінде пайда болады.


Қызыл планетаның беткі бөлігінде уран мен торийдің шектен тыс мөлшері бар, деп жазады epochtimes.ru. Мұның барлығына Марс бетінде болған қос ядролық жойқын жарылыс себеп болған болуы ықтимал. Мұндай гипотезаны Джон Бранденбург «Марста бұрын болған қуатты ядролық жарылыстың дәлелдері» атты баяндамасында алға тартты. Салыстырар болсақ, Габон республикасындағы Оклода уран кеніші бар. 1972 ж. ғалымдар ол жердегі уранның ерекше қасиетке ие екендігін анықтаған. Ядролық энергетика жөнінен комиссияның экс-төрағасы доктор Фрэнсис Перрин 1972 ж. француз ғылым академиясында ол жердегі ядролық реакцияның 1,7 миллиард жыл бұрын болғандығын айтқан. Жалпы уранның табиғи кенішіндегі U235-те 0,7% изотоп болады. Бірақ, Окло шахтасындағы U235-тің изотопы тек ғана 0,6%-ды құрайды екен. Бұл U235-тің жартысы әлдеқашан «өртеніп кетті» деген сөз. Көптеген ғалымдардың пікрінше, Жер мен Марс бетіндегі ядролық реакциялар табиғи жолмен болған. Алайда кейбір ғалымдар олармен келіспейді. Ал егер ядролық реакциялар табиғи емес, жасанды жолмен іске асырылса, онда мұны саналы тірлік иелері, яғни адамдар немесе бөгде планеталықтар іске асырған болуы мүмкін. Ал егер ядролық реакциялар табиғи жағдайда кенеттен іске аса беретін болса, онда «Жер шарына табиғи ядролық жарылыс қаупі төнуі мүмкін бе» деген сұрақ ғалымдардың алдына зерттелуі тиіс мәселені кесе-көлденеңнен қоюда.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    854
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии