16 Декабрь
18:59
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
24 қараша 11:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Facebook: бұрынғы сүйіктісін тез ұмыттыратын бағдарлама шықты

Әлеуметтік желілер арқылы қаншама адамдар танысып, көңіл жарастырды десеңізші. Бірақ, кей кездері бұл таныстық ғұмыры ұзаққа бармай, адамдар қарым-қатынастарын үзіп жатады. Ал осы үшін сол баяғы Facebook бұрынғы сүйіктілерін тезірек ұмыттыратын бағдарлама ойлап тауып, сынақтан өткізуде. Facebook өкілі Келли Уинтерс былай дейді: «Адамдар отбасылы болып, дегеніне жеткен кезде бізге бұрынғы кездескен адамдарымен қарым-қатынасты үзгендіктерін айтып, жиі хат жолдайды. Осы жағдайды ескеріп, біз жаңа бағдарлама ойлап таптық». Сонымен, бұрын жүрген адамды ұмыту үшін Facebook ұсынған бағдарлама мүмкіндіктері қандай? Біріншіден, сіз оның постарын көрмейтін боласыз. Екіншіден, іздестіру бағанына алғашқы әріптерді енгізген кезде оның аты шықпайтын болады. Сондай-ақ бұрынғы сүйіктіңіз парақшаға кірмейтіндей етіп қоюға болады.  Ал онымен түскен ескі суреттерді ортақ таныстарыңыз көріп, «жараның аузын тырналай бермес» үшін достарыңыздың парақшаға кіруіне шектеу қоя аласыз, деп жазады mixnews.lv.

Источник:24.kz
нравится:    705
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии