Әлем жаңалықтары
25 наурыз 11:40
Facebook пайдаланушылардың жеке мәліметтерін қалай заңсыз ұрлаған


Әлемдегі ең таныман Facebook әлеуметтік желісіне қатысты даулы мәселе қозғалуда – компанияға 50 млн-нан астам адамның жеке деректерін заңсыз пайдалануға жол берген деген айып тағылуда. Сол себепті желіні пайдаланушыларға өз аккаунттарын жоюға кезең беріліп, Facebook-ке қарсы түрлі акциялар кеңінен таралуда.

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған ақыл-парасатты анықтауға, кино жұлдыздарына, жануарлар мен өсімдіктерге ұқсастыққа арналған тесттер – жәй ғана көңіл көтеруге ғана арналмаған, деген ұстанымды алға тартады британдық "BBC" басылымының журналистері. Бұл пайдаланушылардың жеке басына қатысты мәліметтерді жинауға арнайы қойылған тұзақ. Бұл тұзаққа Facebook-қа тіркелген жандар да түскен.

Әлеуметтік желі биритандық Cambridge Analytica компаниясымен бірлесіп тесттерді жариялаған.
 
"Бұл – өзіңізді жақсырақ тануға бағытталған сұрақтар тізбесі. Тест сұрақтарына 250 мың адам жауап берген. Нәтижесінде барлық дербес ақпараттар тест әзірлеушілерге келіп түскен" - Шарлин Ли, талдаушы.
 
Мұнда тек Сіздің жеке басыңызға қатысты ақпараттар ғана емес, Сіздің жақындарыңыз бен достарыңыз туралы да мәліметтер қамтылған. Осылайша, ақпарттың желіге 50 млн-ға жуық адам тұзаққа ілінген. Ал олардың деректері ғылыми эксперимент шеңберінен тыс шығып кеткен.

"Көз алдыңызға елестетіңіз: мен Сізге келіп: «Сәлем, мен сізге 1 немесе 2 доллар беремін – ал Сіз оның орнына мына сауалнаманы толтырып жіберіңіз», - деймін. Сіз келісім бересіз. Алайда, мен тек Сіздің жауаптарыңызды ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желідегі Сіз туралы барлық деректерді жинаймын. Бағдарлама парақшаны сканерден өткізіп, мәліметтерді сақтайды", – дейді тестті әзірлеуші компанияның бұрынғы әзірлеу жөніндегі директоры Кристофер Вайли.

The Guardian мен The New York Times анықтағандай: оларды Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясын қолдау үшін пайдаланған. Даулы тестті әзірлеушінің өзі британдық радостанцияға берген сұхбатында мұның ақыры неге апарып соғатыны ойына кіріп те шықпағанын мойындаған.

"Мен абыржып қалдым. Заңға қайшы нәрсе жасап жатырмын деп ойламадым", – дейді тест әзірлеуші Александр Коган.
Енді тест авторлары, оның Facebook басшылары мен негізін қалаушы Цукерберг АҚШ пен Ұлыбритания шенеуніктерінің сұрақтарына жауап беріп, ғылыми деректерді Трамтың сайлауалды штабының қалай пайдаланғанын түсіндіретін болады.
Дербес мәліметтерінің ұрлануына алаңдаушыларға сарапшылар әлеуметтік желіден «гигиена» ережелерін түсіндіріп бағуда. Нақты бір өнімнің парақшасында «лайк» баспаңыз, сондай-ақ онлайн ойындар ойнамаңыз және тестерге жауап берген кезде Facebook арқылы авторластырудан аулақ болыңыз.
 
Қазіргі таңда Ұлыбритания Парламентінің комитеті Цукербергті дербес мәліметтердің заңсыз пайдаланылуы туралы куәлік беруге шақыртқаны белгілі болып отыр.
 
Естеріңізге сала кетейік, Еуропарламент президенті Антонио Таяни парламент Facebook пайдаланушыларының деректерін саяси мақсатта пайдалану туралы іс мұқият тергеп-тексерілетінін мәлімдеген болатын.
 
Дереккөзі: segodnya.ua
 

Комментарии




Яндекс.Метрика