|    |  
14 қазан 2019
13:04
қаз
Фарш қосылған картоп пісірмесі
14 наурыз 2017, 15:21 76

«Бүгін түскі ас пен кешкі асқа не әзірлеймін?»  — қыз-келіншектерді күнделікті мазалайтын басты сұрақ. Кейде расымен не дайындайтынымызды білмей, бірнәрсе қуыра саламыз. Немесе бармен базар болып үйдегі бар заттардан бірдеңе жасай қоямыз. Ал бүгін бізбен бірге мына тағамды әзірлеп көріңіз. 

Құрамы:

Картоп —  5-6 дана,

Фарш – 500 гр,

Сәбіз – 2 дана,

Пияз – 1-2 дана,

Жұмыртқа – 3 дана,

Ұн – 3 ас қасық,

Майонез – 3 ас қасық,

Тұз

Дайындалуы:

Картоп пен сәбізді жұқалап, пиязды дөңгелек пішінде тураймыз. Содан соң мультиварканың түбіне картопты біртегіс етіп орналастырамыз. Оның үстіне фаршты дәл осы қалыппен саламыз.

Үшінші – пиязды, төртінші қабатқа – сәбізді орналастырамыз. Картоптың қалғанын бетіне салып шығамыз. Егер фарш артық қалса, оны да екі рет қосуыңызға болады. Дәміне қарай тұз қосамыз.

Енді жұмыртқаны жарып араластырып аламыз. Оған ұн мен мен майонезді қосып, тағы да жақсылап араластырамыз. Дайын болған қоспаны тағамымыздың үстіне құямыз.

Бетін жауып, «Пісіру» режиміне 60 минутқа қоямыз.

Дәмді әрі пайдалы асымыз дайын болды. Түрі тартымды көрінетін болғандықтан, бұл тағамды ыдысқа төңкеріп сала берсеңіз де болады. Ешқандай көлемін, келбетін бұзбайды.

Асыңыз дәмді болсын !

http://ikerim.kz/2016/10/12/farsh-kosylgan-kartop-pisirmesi/


Жаңалықтар