|    |  
20 қазан 2019
16:19
қаз
Фаст Фуд тауық қанаттары (стрипсы)
10 мамыр 2017, 16:56 48

Фаст Фуд тауық қанаттарын үй жағдайында өзіңіз әзірлеп көріңіз! Аса қиындығы жоқ, жасаймын деген ниетіңіз бен тілегіңіз болса болғаны. Есесіне, арзан әрі тиімді.

Құрамы:

1 кг тауык канаттары
1 қорап тауық етіне арналған дәмдеуіш (приправа)
2 стақан жүгері қауызы (қантсыз)
3-4 жұмыртқа
1 стақан ұн
тұз
сұйық май


Дайындалуы:

Алдымен, тауық қанаттарын тұздап, дәмдеуішін қосып  1 сағатқа қалдырып қоясыз. Кейін жүгері қауызын (кукрузные хлопья) ұсақтап алып, ұн, жұмыртқаңызды да  әзірлеп қоя беріңіз. Тауық қанаттары жақсылап маринадталған соң жұмыртқаға батырып, сосын ұнға, содан кейін жүгері ұнтағына бір аунатып алыңыз. Енді сұйық майды қыздыра берсеңіз болады. Тауық қанатының екі жағы да әбден қызарғанша отта пісіріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

http://anabol.kz/damdi-day/485-fast-fud-tauyk-kanattary-stripsy


Жаңалықтар