23 Ноябрь
02:22
Астана: -9 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 330.22
EUR/KZT: 388.07
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.93
Әлем жаңалықтары
22 шілде 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Фетхуллах Гүлен: «Эрдоғанның есі ауысқан»

 
Ислам насихатшысы Фетхуллах Гүлен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның психологиялық ауытқушылығы бар деп есептейді. Бұл туралы ол «Хизмет сегодня» порталына берген сұхбатында айтқан.
 
«Ердоғанның ессіздігі туралы көпшілік айтады. Оның қасында үнемі бірнеше дәрігер болады. Проблемалары болғандықтан ол дәрі-дәрмек ішеді. Айналасындағы адамдар оның ғаламат сарайында психологиялық ауытқушылық ұстамаларының жиі болатынын айтады»-деген Гүлен. Оның айтуынша, түрік басшысы «билікпен уланған», ашуына мінген сәтте қабырғаларды тебуден тайынбайды екен.
 
Гүлен сондай-ақ өзінің Түркиядағы төңкеріске қатысы жоқтығын да мәлімдеді. Ал Түркияның ресми билігі болса оны төңкерісті ұйымдастырды деп айыптаған еді. Гүлен 1990 жылдардың соңынан бастап АҚШ-та тұрады. Дегенмен Отанында ықпалы бар тұлға. Ол Ердоғанның билікке келуіне көмектескен. Бірақ уақыт өте келе олардың ел басқаруға қатысты пікірлері екі айырылған. Ол 2013 жылы да полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы операциясынан кейін мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деп айыпталған еді.
 
Дереккөз: forbes.kz
нравится:    1233
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии