Әлем жаңалықтары
25 ақпан 13:04
​«Фейсбук» Like орнына қосымша пернелер енгізді

Әлеуметтік желіде ұнаған ақпаратты «лайктап» ғана қоймай, сол жаңалыққа қатысты көңіл-күй қошыңызды білдіре алатын болдыңыз. Себебі «Фейсбук» love, haha, wow, sad және angry пернелерін қосымша енгізіпті. Жарияланған пост тұсында оған қатысты қандай да болсын эмоциясын білдірген пайдаланушылардың жалпы саны көрсетілетін болады.  Бұл көңіл-күй белгісін таңдап алу үшін Like пернесін ұзағырақ басып тұру керек. Ал веб-нұсқада курсорды осы пернеге апарып тұрып, аз уақыт күтесіз.

24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика