18 Декабрь
22:42
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
31 наурыз 09:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Финляндия барлық тұрғындарына айына 550 еуро беріп тұрмақ


Финляндия билігі 2017 жылы қаңтарда азаматтардың сөзсіз негізгі кірісі бойынша ілкі жобаны іске қосады. Бұл туралы елдің әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық министрі Ханна Мянтюля мәлімдеді, деп хабарлады Росбалт.ру.
Екі жыл бойы 10 мың еңбекке қабілетті финндер ай сайын жұмыспен қамтылуына қарамастан 550 еуродан алып тұрады. Бұл сома жұмыссыздық жәрдеміне тең, оған тамаққа, жеке гигиенаға, киімге жұмсалатын және басқа да күнделікті шығыстар шығыны кіреді, деп хабарлады Reuters.

«Бізге мұндай эксперименттер қажет. Егер біз жағдайды жеңілдетпесек, Финн әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үлкен проблемаларға тап болады», - деді Мянтюля.
Егер эксперимент ойдағыдай нәтиже берсе, сөзсіз кіріс Финляндияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енгізіледі. 2015 жылы жарияланған жобаға сәйкес сөзсіз кіріс әлеуметтік жәрдемақыларды ауыстырады.

2016 жылы маусымда Швейцария да сөзсіз кіріс енгізу жөнінде референдум өткізбек.  
 
нравится:    680
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии