22 Август
13:14
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
18 мамыр 16:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Финляндия фотографы өзіне ұмтылған аюды суретке түсіріп алды


Коуволдық фотограф Ласси Куяла жексенбі күні әдеттегідей Хамина қаласының маңындағы Рантала деген жерде құстарды суретке түсіріп жүрген. Куяла етпетінен суретке түсіріп жатқанда, кенеттен объективінің бірдеңенің көлегейлегенен байқайды. Басында ол мұны жүгіріп келе жатқан ит деп ойлаған. 
«Құстар жан-жаққа ұшып кетті, ал мен олардың неден үріккенін қарай бастадым. Басында маған қарай ит жүгіріп келе жатыр екен деп ойлағанмын, сөйтсем ол үлкен қоңыр аю екен», - дейді Куяла.
«Әрине, анималист фотограф мұндай жағдай туралы қашанда армандап жүреді. Табиғатты суретке түсіріп жүргеніме 40 жыл болды, және сол сәтте өмірімде алғаш рет тірі табиғатта аюды түсіріп алу мүмкіндігі пайда болғанын түсіндім. Мен көп ойланбай, фотоаппаратымды алып, онысуретке түсіре бастадым», - деді фотограф.
Куяла орнынан тұрмай, жатқан күйінде аюды түсіре берді. «Маған аю өте жақын келді. Мен түрегелдім. Жыртқыш мені көре салып, кілт тоқтады. Бір минуттай ойланып тұрып, кері қайтты», - деді ол.
Куяла бұл кездесуде бойында еш қорқыныш болмағанын айтып отыр.
«Мен қауіп туралы ойлаған да емеспін. Аю азық іздеген жоқ, ол өмірін сақтап қалу үшін біреуден қашып келе жатқан», - деді фотограф.
Фотограф түсірген суретін Фейсбуктегі парақшасына жүктеді. Оны 24 мың адам ұнатып, әлеуметтік желі пайдаланушылары 3,5 мың рет бөліскен.  




нравится:    605
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии