|    |  
19 қыркүйек 2019
17:32
қаз
Фитнес-блогер пайдалы және зиянды тәттілердің калориясы бірдей екенін дәлелдеді
14 тамыз 2017, 12:05 60
Белгілі фитнес-блогер Люси Маунтин өзінің Инстаграм парақшасында денсаулыққа пайдалы және зиянды азық-түліктердің калориясы бірдей екенін дәлелдейтін фотоларды жариялады.




25 жасар блогер бір уыс бадам мен мармеладты салыстырып, олардың калориялары бірдей екенін анықтады. Алайда, ол бадам тәттімен салыстырғанда неғұрлым құнарлы екенін түсіндіріп өтті.



Мына екі табақшаның әрқайсысында 40 г чипсыдан бар. Тек, сол жақта картоп чипсы (тұздалған және сірке суы қосылған), ал оң жақта пайдалы тамыр жеміс. Бұл жерде блогер әркім өзінің көңілі қалағанын таңдауды ұсынады.



Қарапайым дәнді печеньенің калориясы диеталық печеньеге қарағанда аздау болып шықты. Блогердің айтуы бойынша, егер сіз арықтау үшін «пайдалы» печенье тұтынуды қаласаңыз, онда оның неғұрлым құнарлы түрін таңдағаныңыз жөн.



Қара шоколад сүт қосылған түріне қарағанда аса пайдалы әрі дене пішімін сақтауда зиянсыз деп саналады. Блогер нәзік жандылардың басым бөлігіне белгілі шоколадтың екі түрін салыстырып, ол өзі сүтті шоколадты таңдайтынын мәлімдеді, себебі пайдалы дәрумендер мен минералдарды басқа көздерден алуға да болады.



Ал, балмұздаққа келетін болсақ, шоколад қосылған эскимоның калориясы оның жеміс қосылған түріне қарағанда анағұрлым көбірек болып шықты. Балмұздақтың екі түрін де жеуге болады, бірақ блогер осыдан кейін сол күні жоғары калориялы азық-түліктерді тұтынуды шектеуге кеңес береді.



Сонымен қатар, блогер бірдей тағам дайындады – айырмашылығы еттегі майдың пайыздық мөлшерінде: 5 және 12%, — және тамақ дайындауға пайдаланылған майда ғана.



Дұрыс тамақтану сусындарға да қатысты. Мысалы, флэт-уайт қою кофесін американомен алмастыруға болады.



Блогер өзінің блогында Желі пайдаланушыларын адам басына шаққандағы тамақтың көлемін сақтау кеңес береді. Бір-екі дана жаңғақты артығымен жесеңіз – оның калориясы екі есе артып кетуі ғажап емес.


Дереккөзі: https://life.ru


Жаңалықтар