20 Сентябрь
08:05
Астана: 6 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Спорт
7 шілде 12:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Флойд Мейвезер чемпиондық атағынан айрылды
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезерді жартылай орта салмақтағы чемпиондық белебуінен айырды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Мейвезер мамыр айының басында филиппиндік Мэнни Пакьяоға қарсы 48 жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен еді. Сөйтіп, WBA (Super) және WBC белбеулерін кезекті рет қорғап, қарсыласына тиесілі WBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Осы жеңісінен кейін көп өтпей, WBO ұйымы Мейвезерден алғашқы орта салмақтағы WBA және WBC белбеулерінен бас тартуды сұрады. Өйткені, ұйымның ережесі бойынша боксшы бірнеше салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеулерді иелене алмайды. Сонымен қатар, Мейвезер Пакьяоға қарсы өткізетін кездесу үшін төлеуі тиіс 200 мың доллар жарнаны төлемеген.

WBO ұйымы белбеуді екінші америкалық боксшы Тимоти Брэдлиге табыстады.
 
нравится:    638
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии