25 Сентябрь
15:35
Астана: 8 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
14 сәуір 15:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Флюорография адам денсаулығына зиян ба?

Мәселе адам денсаулығына келген кезде әрбіріміз дұрыс ем қабылдап жатырмыз ба, бұл дәрінің әсері қалай болады екен деп ойланатынымыз шындық. Ал флюорографияға түсетін кезде әңгіме мүлдем бөлек. Өйкені ол жайында әркім әртүрлі ақпарат береді. Назарларыңызға мамандардың берген кеңесін ұсынамыз.

Флюорографияның қауіпсіздігі жайлы адамдарда туатын күдіктер бірнеше себептерден пайда болады: біріншіден, кейбір жағдайларда міндетті түрде флюорографиядан өту туралы анықтамасы талап етіледі, бұл процедура жылына бір рет ғана өту ұсынылады. Екіншіден, флюорографиялық зерттеу үрдісінде ағза радиоактивті сәулеленуге ұшырайды, ал бұл түсінік барлық адамды үрейлендіреді.

Флюорография не үшін қажет?

Әрине, бұл дәрігерлердің еріккен ісі емес. Флюорография – бұл өкпе ауруларының диагостикасындағы бірінші қадамы. Туберкулез де бұл тізімнен орын алады. Флюорография туберкулезді, сұйықтықты, кейінгі қабынуларды, бөгде заттарды, талшықтар склерозын, әртүрлі этиология ісіктерін, қаңқа аномалиясын, жүрек дерттануын, қабырғалар, иық және т.б. аурулардың диафрагмасын көруге мүмкіндік береді.

Адамдар денсаулығына сәулелік жүктеменің зияны бар ма?

Әрине, адам зерттеу кезінде иондалған сәулеленуге ұшырайды, бірақ бұл құбылыс аздаған секунд ішінде және мөлшері күнге қыздырынғанда алатын 2-8 күндік әсермен тең келеді. Соңғы жылдары заманауи сандық технологиялар енгізілді, ал бұл классикалық қабыршақты (пленкалы) тәсілмен салыстырғанда үлкен қадам болып келеді. Сандық аппараттың детекторы өте сезімталды келеді, ал бұл емделушінің 10 есеге дейін сәулелік мөлшерді төмен қабылдауына, сапалы түсірілім алуына мүмкіндік береді.

Флюорографияның қарсы көрсеткіштері. Тек ерекше көрсеткіштері бойынша 15 жасқа дейінгі балаларға зерттеу жүргізуге болады, ал жүкті әйелдерге флюорографиядан өтуге мүлдем тыйым салынған. Тек ерекше көрсеткіштер бойынша ғана жүктіліктің 36 аптасынан соң (аса байқампаздық шаралармен) зерттеуден өтуге болады. Ал бірінші аптада нәрестенің дене мүшелері жаңадан ғана қалыптаса бастағанда мұндай зерттеулерге мүлдем тыйым салынады.

Есіңізде болсын: Флюорографияға немқұрайkы қарау туберкулезді уақытында анықтауға кедергісін келтіреді. Зерттеуді тыс қалдырушыларда өкпенің асқынған қалпы айқындалады. Олар қоршаған ортаны зақымдаудың көзі болып саналады. Ең қиыны – балаларға жұқтырады!

massaget.kz
нравится:    847
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии