13 Декабрь
13:16
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
2 наурыз 11:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Forbes ең бай қазақстандықтарды атады

Америкалық Forbes журналы әлем миллиардерлерінің жыл сайынғы рейтингін жария етті, оның ішінде қазақстандық бөлігінде Қазақстан теннис федерациясының басшысы және Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов көш бастады. Рейтингте бес қазақстандық бар.

Өтемұратовтың байлығы бір жыл ішінде 300 миллион долларға азайып, 2,3 миллиард долларды құрады. 2015 жылы бизнесменнің байлығы 2,6 миллиард долларға, ал 2014 жылы 2,2 миллиард долларға бағаланған болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 771-орында тұр.

Екінші орынға Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева орналасқан. Олардың әрқайсысының байлығы 2 миллиард долларға бағаланып, жалпы тізімде 906-орында тұр. 2015 жылы олардың капиталы 2,1 миллиардқа бағаланса, 2014 жылы 1,8 миллиард долларға бағаланған еді. 

Қазақстанның ең бай адамдарының үшінші позициясына ірі ENRC компаниясының иелесі, "Еуразиялық банк" АҚ президенті Әлиджан Ибрагимов пен "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким орналасты (жалпы тізімде 1198-орын). Әрқайсысының байлығы 1,5 миллиард долларға бағаланған.

Айта кетейік, әлемдегі ең бай адам атағын Microsoft компаниясының негізін қалағандардың бірі Билл Гейтс қайтарып алды. Оның байлығын Forbes 75 миллиард долларға бағалады. Екінші орында Inditex компаниясының негізгі иелесі Амансио Ортега (67 миллиард доллар) тұр. Үшінші орынға инвестор Уоррен Баффет көтеріліп отыр (60,8 миллиард доллар).

massaget.kz
нравится:    1243
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии