18 Август
14:43
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
25 қыркүйек 10:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Forbes журналы соңғы он жылда ең көп табыс тапқан спортшылар тізімін жариялады

Forbes журналы соңғы онжылдықта ең көп табыс тапқан 20 спортшының тізімін жасады.

Соңғы он жылда спортшылар арасынан ең көп пайда тапқан –  гольфшы Тайгер Вудс. Оның кірісі $ 845 млн-ға бағаланған.
Рейтингте екінші орынды боксшы кіші Флойд Мейвезер иеленді. Ол соңғы 10 жылдың ішінде $ 660 млн көлемінде пайда тауыпты. Бұл сомасының тең жартысына, яғни, $ 300 млн-ға Мейвезер Мэнни Пакьяомен мамыр айында өткізген жекпе-жектен соң ие болған.

Ең көп табыс тапқан спортшылардың үштігін баскетболшы Коби Брайант түйіндеп тұр. Брайанттың соңғы он жылдағы табысы – $ 475 млн.
Бұл тізімге Майкл Джордан, Арнольд Пармер сынды зейнетке шыққан спортшылар енген жоқ. Журнал тек соңғы он жылда спорттық мансабында зор табысқа жеткен спортшыларды есепке алыпты.

Үздік 20 спортшының қатарына енген жалғыз спортшы қыз – ресейлік Мария Шарапова. Ол 10 жылда $ 250 млн пайда көріп, бай спортшылардың ішінде 18-ші орынға тұрақтаған.

Ең көп табыс тапқан үздік 10 спортшы:

1. Тайгер Вудс, гольф ($ 845 млн)


2. Флойд Мейвезер, бокс ($ 660 млн)

3. Коби Брайант, баскетбол ($ 475 млн)

4. Леброн Джеймс, баскетбол ($ 472 млн)

5. Фил Микельсон, гольф ($ 468 млн)

6. Роджер Федерер, теннис ($ 455 млн)

7. Дэвид Бекхэм, футбол ($ 441 млн)

8. Мэнни Пакьяо, бокс ($ 432 млн)

9. Криштиану Роналду, футбол ($ 407 млн)

10. Лионель Месси, футбол ($ 350 млн).



Дерекөзі: nur.kz
нравится:    971
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии