14 Декабрь
22:46
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
20 шілде 10:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Формула-1» пилоты Жюль Бьянки көз жұмды
2014 жылы Жапониядағы жарыста эвакуаторға соғылған "Формула-1"-дің франциялық пилоты Жюль Бьянки  25 жасында Ниццедегі Centre Hospitalier Universitaire  ауруханасында көз жұмды. Ол үстіміздегі жылдың тамыз айында 26-жасқа толар еді.



Әлеуметтік желісінде: "Жюль соңғы сәтке дейін өмір үшін күресті, алайда ол көз жұмды. Біз Жюльдің өмірін ажалдан арашалап қалуға бар күштерін салған  француздық, жапондық дәрігерлерге үлкен алғыс айтамыз", деп жазды оның отбасы.



Еске сала кетейік, 2014 жылы 5 қазанда Жапонияда "Маруси" велошабандозы Бьянки трассадан шығып кетіп, "Заубер" спортшысы Адриан Сутильдің көлігін әкетіп бара жатқан эвакуаторға соғылған еді. Франциялық спортшы бас сүйегі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 
Франциялық пилот Жюль Бьянки 2007 жылдан бастап формульялық сериялар жарыстарына қатысқан. Ол француздық Формулы-Renault 2.0,  Формула-3 евросерия және F3 Masters чемпиондары болған. Сонымен қоса ол Формула-Renault 3.5 және GP2 азиялық сериялардың вице-чемпионы болған./>

motor.ru
нравится:    771
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии