19 Август
02:05
Астана: 14 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
2 маусым 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​"Форрест Гамп" фильмінің актері әйелінің өліміне кінәлі деп танылды

"Щит", "Форрест Гамп", "Планета обезьян" фильмдері арқылы танымал болған 53 жастағы америкалық актер Майкл Джейс (Michael Jace) өз әйелінің өліміне кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды CBS News.

Айыптау үкімін 31 мамыр күні Лос-Анджелес соты шығарды. Сот отырысы кезінде қорғаушылар актердің әйелін қастандықпен өлтірмегенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ер адам сол күні әйелі ажырасқысы келетінін айтқандықтан, күйзеліс жағдайында болған

Дегенмен ол екінші деңгейдегі кісі өлімі үшін кінәлі деп танылды. Аймақтық прокурордың орынбасары сотталушының 40 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.


Айта кетейік, кісі өлімі 2014 жылдың мамырында актердің Лос-Анджелестің оңтүстігіндегі Гайд-Парк ауданында орналасқан үйінде болған еді. Джейс әйелі Эйприлді екі баласының көзінше атып өлтіріп, 911 номеріне өзі хабарласқан да, кінәсін мойындаған.

Тергеу мәліметінше, ер адам әйелін алдымен арқасынан, кейін аяғына атқан. Актердің 10 жастағы баласының айтуынша, Джейс әйелін атардан бұрын: "Сен қашқанды жақсы көресің, онда аспанға қарай қаш", - деп айғайлапты.


 
нравится:    628
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии