|    |  
20 қараша 2018
22:44
қаз
ForteBank ипотекалық кредитті неліктен тоқтатқаны жөнінде түсініктеме берді
19 ақпан, 11:25 914


Қазіргі уақытта ForteBank қаржы нарығындағы қиындықтарға байланысты ипотекалық кредит беріп жатқан жоқ. Бұған Ұлттық банктің теңгемен салынған депозиттерге кепілдендірілген сыйақы мөлшерлемесін 14%-ға көтеруі мен базалық мөлшерлемені 17%-ға арттыруы себеп болып отыр. Бұл банктердің ипотекалық кредит беруіне кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Kapital.kz.

«Ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеру өнімге деген сұранысты азайтады. Сондай-ақ, қарыз бойынша жоғарғы мөлшереме кредиттің өтелмей қалуына әкеп соғуы мүмкін. Ипотекалық шарт мәселесі жағдай өзгеретін болса осы жылдың наурыз-сәуір айында қайта қаралады. Әзірге біздің банкте кепілсіз кредит пен Қазақстан даму банкі тарапынан болатын автокредит беруді тоқтатады», — деп атап өткен банктің call орталығы.

Айта кетейік, қазір уақытша болса да ипотекалық кредит беруді ForteBank-пен қоса «Банк ЦентрКредит», «Сбербанк», «ВТБ» және «Қазком» тоқтатқан. Сарапшылардың сөзінше, мұның бірнеше себебі бар. Оның бірі — жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыздық. Сондықтан қаржы институттары алдағы уақытта ипотекалық кредит беруді тоқтатады.

 Дереккөзі: 7kun.kz
Жаңалықтар