21 Август
01:20
Астана: 12 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
6 қазан 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Фотограф анаконданы түсіру үшін басын өлімге тікті (фото)
Швейцариядан шыққан дайвер Бразилияның Амазонка өзенінің табанында жүретін алып анаконда жыланы жайлы эксклюзивті суреттер түсіру үшін басын өлімге тікті. Бұл туралы «Русская планета» хабарлады.


Дайвер судың астында, анаконда жүзіп жүретін аумақта болып, алып жыланды әр қырынан бірнеше рет суретке түсіріп, өзінің мақсатына жеткен.

Саяхатшы осы үшін Бразилияның Мато Гроссо до Суль штатында 10 күн болып, камераға планетадағы ең ірі жылан – анаконданың алты түрлі тұқымын түсіріп алған.

Бір қызығы, 53 жастағы фотограф Франко өздеріне ерекше назар аударып, ерсілі-қарсылы суретке түсіріп жатқанда, анакондалар оған ешқандай мән бермей, лай судың аумағында өз беттерінше жүзіп жүре берген.

Қазіргі таңда аталған жылан өзі тұқымдастардың ішіндегі ең үлкені болып табылады. Оның ұзындығы 9 метрге дейін жетсе, салмағы 130 килоға дейін тартады. Оның ең алып үлгісі бүгінде Нью-Йорктің зоологиялық қоғамында сақтаулы тұр.


Анаконда Оңтүстік Американың бүкіл тропикалық бөлігінде, Анд тауларынан шығысқа қарай ендіктегі суларда өмір сүреді. Оған Венесуэла, Бразилия, Колумбия, Эквадор, шығыс Парагвай, солтүстік Боливия, солтүстік-шығыс Перу, Гайана, Француз Гвианасы, сондай-ақ Тринидад аралы секілді аймақтар кіреді.

Террариумдерде тіршілік ететін анакондалар 28 жылға дейін тұрса, әдеттегі табиғат аясындағыларының жастары 5-6 жылдан аспайды





Дереккөзі: ras.kz
нравится:    3010
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии