26 Сентябрь
20:34
Астана: 3 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Кербез
17 маусым 09:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Францияда арық аруларға сән сахнасына шығуға тыйым салады
Францияның сенаторлары сән агенттіктеріне жұқалтаң келген қылдай қыздарды қызметке алуға тыйым салмақ.



Талқылау барысында жағаны ұстатар деректер жария етілген. Францияда анорексия дертіне шалдыққандар саны 40 мыңнан асып жығылады екен. Сондай-ақ олардың 99%-ы жеткіншек қыздар.

Бұдан былай модель қыздар жұмысқа қабылданбас бұрын таразыға тұруы тиіс. Денесінің салмақ индексі қалыпты 18 көрсеткішінен төмен аруларға сән әлемімен қош айтысуға тура келеді. Мәселен бойы 175 сантиметр қыздардың салмағы 55 келіден төмен болмауы тиіс.

«Біз бұл зиянкестікке жол бермеуіміз тиіс. Осы ретте жүдеу жандарға моделдік кәсіппен айналысуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Яғни, мемлекет жұмыс берушінің тексеру талаптарын анықтауды өз қолына алуы тиіс. Ал ережеге бағынбағандар қатаң жазаланатын болады», — дейді Ұлттық  Ассамблея депутаты Оливье Веран.

Қызметіне селқос қараған жұмыс берушілер 75 мың еуроға дейін айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін. Тіпті 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған екен.
нравится:    1373
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии