19 Октябрь
06:05
Астана: 6 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
7 қыркүйек 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Францияда бетін ауыстырған әйел қайтыс болды

 
Әлемде алғашқы болып хирургиялық ота жасату арқылы бетін ауыстырған Изабель Динуар өмірден өтті. 49 жастағы келіншек өзіне ауыстырып салған біреудің бетімен 11 жыл өмір сүріп, онкологиялық аурудан қайтыс болды.
 
Изабельді 2005 жылы ит қауып, иегі, мұрны мен еріндерін жұлып алған. Бір жылдан кейін ол бет-әлпетін ауыстыруға бел буады. 2006 жылы ота жасатты. Бұл бет ауыстыру бойынша әлемде жасалған алғашқы ота болатын.
 


Изабель өзінің бет-әлпетін ауыстырғанына қуанды. «Ота жасатқан күннен бастап менің келбетім бар. Мен аузымды ашып, тамақ жей аламын. Соңғы кездері еріндерімнің, мұрнымның, ауызымның бар екенін сезініп жүрмін»-деген-ді.
 
Дәрігерлер қайта салынған тіндердің ажырап кетпеуі үшін күнделікті қабылдаған дәрі-дәрмектің обырға шалдықтыруы мүмкін екенін айтуда.
 
2015 жылдың қарашасында 41 жастағы америкалық азаматқа да осындай күрделі ота жасалды. Изабельге қарағанда оның беті толықтай ауыстырылды. Дәрігерлер 26 сағат жұмыс істеген.
 
Дереккөз: dni.ru
нравится:    1066
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии